01.04.2026
🎒 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау басталды!
📌 Биыл қабылдау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.
📍 Ақмола облысы (соның ішінде Зеренді ауданы) үшін:
🗓 құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 10 маусым – 31 тамыз
📲 Өтініш беру тәсілі:
Өтініш
🌐 egov.kz («Электрондық үкімет») порталы арқылы беріледі
Сонымен қатар ақпараттық жүйелер арқылы немесе мектепке тікелей келіп тапсыруға болады.
📄 Қажетті құжаттар:
✔ ата-ананың (заңды өкілдің) өтініші
✔ баланың 3×4 өлшемдегі цифрлық фотосуреті
✔ баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/у нысаны)
(2025 жылдан бастап eGov порталында электронды түрде қолжетімді)
✔ профилактикалық екпелер картасы (№ 065/у нысаны)
✔ ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда)
⏱ Қарау мерзімі:
Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады
⚠️ Қабылдаудан бас тарту себептері:
• сыныптардың толып кетуі
• құжаттардың толық тапсырылмауы
• ұсынылған мәліметтердің шынайы болмауы
📍 Мектеп байланыс деректері:
«Чаглинка станциясының негізгі орта мектебі» КММ
📌 Мекенжайы: Чаглинка ст., Школьная көшесі, 1А
📞 Телефон: 8 (71632) 52-5-81