"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Чаглинка станциясының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа станции Чаглинка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өмір жолы — өскелең ұрпаққа үлгі»

06.05.2026

Кожин Иван Александрович 1929 жылы 16 маусымда Челябі облысында шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесінің аты Александр, анасының аты Пелагея. Отбасында 8 бала болған, ол – тұңғыш ұл.

Ол 12 жасқа толғанда, әкесі құрама дивизия құрамында Мәскеуді қорғауға майданға аттанады. Осы уақытта Иван Александрович Қостанай май зауытында қара жұмысшы болып еңбек етеді. Өндірісте ол аяғынан ауыр жарақат алып, бұл жарақат өмір бойы сақталып қалады. Ол кезде еңбекақы ретінде бір бөлке нан берілетін. Олар Қостанайдан 12 км қашықтықтағы Қазақстанец ауылында тұрған. Мектепті де сол жерде бітірген.

Кейін Қостанай медициналық техникумына оқуға түседі. 1948 жылы ВЛКСМ қатарына қабылданады.

1950 жылдың басында топ құрамында медицина қызметкері ретінде Қытай Халық Республикасына жіберіледі. Алайда шекарада топ таратылып, ол Көкшетау облысының Рузаев аудандық денсаулық сақтау бөліміне жолдама алады.

1951 жылы Рузаев аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы болып тағайындалады.

1953 жылдан бастап Кожина Нионила Петровнамен (еңбек сіңірген медицина қызметкері) отбасын құрады. Үш баласы бар: Наталья, Любовь және Александр.

1955 жылдан бастап Чистополь ауданында комсомол және партия органдарында қызмет атқарады. 1955 жылдың ақпан айында КСРО Коммунистік партиясының қатарына қабылданады.

1987 жылы зейнеткерлікке шығады, бірақ денсаулығы мүмкіндік бергенше, 1996 жылға дейін Чистополь аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінде жұмысын жалғастырады.

Еңбек жолында келесі марапаттарға ие болған:

  • 1956 ж. – Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің қатысушысы
  • 1956 ж. мамыр – тың жерлерді игергені үшін
  • 1956 ж. қазан – жаңа жерлерді игергені үшін
  • 1957 ж. наурыз – ордендік кітапша
  • 1966 ж. сәуір – «Еңбек ерлігі үшін»
  • 1970 ж. 12 сәуір – В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Ерен еңбегі үшін» медалі
  • 1970 ж. 20 сәуір – КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл медалі
  • 1970 ж. тамыз – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 50 жылдығына арналған төсбелгі
  • 1974 ж. қаңтар – 1973 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы
  • 1974 ж. желтоқсан – 1974 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы
  • 1975 ж. – «Құрмет белгісі» ордені
  • 1976 ж. – 1976 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы
  • 1984 ж. – ВЛКСМ ОК-нің естелік белгісімен марапатталған
  • 1989 ж. – Еңбек ардагері
  • 2010 ж. – «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» медалі

Иван Александрович Кожин 2016 жылы 3 қаңтарда қайтыс болды.

Просмотров: 332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Текст