
«Чаглинка станциясының негізгі орта мектебі» КММ оқушылары Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы музей музейіне экскурсия жасап қайтты. Бұл танымдық сапар оқушыларға ерекше әсер сыйлап, тарих пен мәдениетке деген қызығушылықтарын арттырды. ✨
Экскурсия барысында оқушылар қазақтың көрнекті ғалымы, жазушысы, филология ғылымдарының докторы, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин туралы көптеген мәліметтермен танысты. Балалар музей қорындағы тарихи жәдігерлерді, архивтік құжаттарды, фотосуреттер мен батырдың жеке заттарын қызығушылықпен тамашалады. 🇰🇿
Әсіресе, тақырыптық залдар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Экскурсия жетекшісінің мазмұнды әңгімелері арқылы балалар еліміздің тарихы мен мәдени мұрасы жайлы жаңа мағлұматтар алды. 📚
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, тарихи тұлғаларға деген құрметті арттыра түседі.