21.05.2026

✨ Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы әрі жазушы Бауыржан Момышұлының туған күніне арналған «Адалдық — ардың ісі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар батырдың өнегелі өмір жолымен танысып, ерлікке толы шығармашылығы мен нақыл сөздерінің мағынасына терең үңілді. Бауыржан Момышұлы — тек соғыс батыры ғана емес, әділдік пен шынайылықты өмірлік ұстаным еткен ұлы тұлға.
Оқушылар адалдық, адамгершілік, жауапкершілік құндылықтары туралы өз ойларын ортаға салып, батырдың өсиет сөздерін талдады. 📚✨
🎯 Шараның мақсаты:
оқушылар бойына адалдық, әділдік, отансүйгіштік қасиеттерін сіңіру, батыр тұлғасын үлгі ету және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
🕊️ Батырдың:
«Адалдық — табиғат сыйы емес, тәрбиенің жемісі» деген сөзі бүгінгі шараның басты ұранына айналды.
#БауыржанМомышұлы #ТәрбиеСағаты #Адалдық #БатырЕсіміМәңгілік #Патриотизм #ҰлыТұлғалар #АдалАзамат #МектепӨмірі