"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Чаглинка станциясының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа станции Чаглинка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабақтарда қолданылатын оқытудың жаңа технологиялары. (баяндама)

14.03.2019

Сабақтарда қолданылатын оқытудың  жаңа технологиялары.

                                         (баяндама)

 

    Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру. Таланттылық пен дарындылықты қалыптастыру үшін жаңа ұтымды әдістерді жасау қажет. Ол әдістер оқушылардың белсенділігіне, ізденімпаздығына, оқиғаны сын көзбен қарауға негізделген.

    Осындай әдістеменің негізі деп  тренинг әдістерін оқыту, бірлескен топпен жұмыс істеу, рольдерге бөліп ойын жүргізу. Жекелеп, жұппен және топтап оқыту формалары, талдау жасау әдістерін айтуға болады. Егер бұл әдістерді дұрыс қолданатын болсақ, ол:

  1. оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады;
  2. пәннің тақырыптық мазмұнын терең білуге үйретеді;
  3. отансүйгіштік қасиеттерін,азаматтық дағдыларын қалыптастырады;
  4. демократиялық құндылықтарын арттырады;
  5. оқушы бойында жақсы қасиеттерді дамытып, жеке тұлға ретінде

қалыптасуына мүмкіндік береді.

    Осындай нәтижеге өзара көмек, қызығушылық арқылы жетуге болады. Бұл әдіс бойынша жұмыс істегенде мұғалім алдына мақсат қою керек. Оқып үйрену үшін оқушылар нені үйренуі тиіс деген қағиданы ескеруі қажет:

    1.Оқушылардың экономикалық, әлеуметтік және саяси проблемалардың қиын да күрделі екенін сезіну.

    2.Әрбір оқушылардың азамат ретінде өз құқықтарымен міндеттерін білуі.

    3.Басқару жүйесін демократиялық форма ретінде түсіне отырып, Ата заңымызды қүұрметтеу.

    4.Белсенді азамат болып, бейбіт өмір өзгерістеріне қызмет етуі.

    5.Демократияны тежейтін және дамытатын факторларды, күнделікті еліміздегі жаңалықтарды білуі.

    6.Қоғамдағы өмір сапасын арттыратын адамгершілік, азаматтық және мүдделік терең сезімін өз бойына дамыта білу.

 

    Бұл әдістің негізгі мақсаты: Оқушылардың бойында жете білушілік қабілетін дамыту, белгілі бір оқиғаны, құбылысты терең бағалау және өз білімін соған сәйкес қолдану, көп нәрсені оқушы іс-әрекеті үстінде үйренеді. Осындай жұмыстың нәтижесі терең білімді, қоғам алдында жауапкершілікті сезінетін, тек қабылдаушыны ғана емес, білікті азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

     Мұғалім сабақта тек өзі сөйлеп қоймай, сыныпта оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге бағытталған пікірталастың бірнеше түрін ұйымдастырып, оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, пікір таласты жандандыра түсіп, оған оқушыларды түгел қатыстыра білуі қажет.

    Оқушылар сыныптағы жұмысқа неғұрлым белсенді қатысқан сайын, олардың пәнге деген ынталығы мен сенімділігі арта түседі. Сыныпта осындай жұмыстарға тек мұғалім басшылық етіп қоймай, басқа әр сала мамандарымен оқушылар арасында кездесулер, баяндама жасап, сұхпаттасу үшін шақырса мұндай қырым қатынас белгілі адамдардың жұмысымен ғана таныстырып қоймай, белгілі өмір шындығымен таныстырады.

 

    Сабақ барудің әдістемесі: Бұл қолданып жүрген оқыту тәсілдерінәйгілі

Я.А.Каменский енгізген еді. Іс жүзінде оқыту тәсілі үш ұйымдастыру нысанынан тұрады олар: жеке, қос, топталған.

    Мұғалім балалардың өзін-өзі (әр қырынан тануға) көрсеруін ұйымдастырушы-технолог ретінде көрсетуі керек. Мұндай модель белсенді, білікті балаларды тиімді тәрбиелеуге мүмкіндік береді

    Оқытудың негізгі мақсаты демократиялық болуы керек.

 

    Топпен жұмыс:  

    Оқытудың ең көп тараған түрі – шағын топтардың жұмысы. Мысалы: «төрттік» топ мүше саны (үш-төрт адам).

    «Ғажайып жетілік» жұмыс істеу әдістерінен міндеттерімен күрделілігіне байланысты әр топқа бөлінеді. Топтағы жұмыс үш кезеңге бөлінеді.

 

    Бірінші кезең: оқыту мәселесінің қойылуы және оған жұмыс процесін ұйымдастыруды енгізу. Осы арқылы білім алушылардың оқу белсенділігі артып, ішкі мақсаттарынан бастпақы шарты орындалады.

 

    Екінші кезең: туындаған мақсатқа күш беру өздігінен жұмыс істеу үшін нақты негіз болып табылады. Білім алушылар шығармашылық топтарға бөлінеді: Шағын топтар арасында пікір алысу, топ ішінде мақсаттарын нақтылайды.

 

   Үшінші кезең: жалпы талқылау. Бұл келесі кезең ретінде керек, бірлескен педагогикалық қызмет процесінде педагог шығармашылық топтарға оқу мәселесі жөнінде өз мәселесін өз шешімін шынайылық дәлелдігіне көз жеткізеді.

   Әрбір топ басқа топтардың алдында өз пікірін айтып, оны белсенді түрде дәлелдейді. Пікірталастар туындап, кей кезде әр түрлі қарама-қарсылықтар айтылып, пікірінің негізділігі тексеріледі. Негізделген пікірлердің талаптары арқылы мұғалім оқушыларды оқу мәселесі шешімінің дұрыс болуына бағыттау жасайды. Жұмыс топтарының жекелілік кезеңі рефлексия болып табылады. Оны тәжірибе арқылы білуге болады.

    Егер оқушы меншікті және ұйымдық қызметке көтерсе, қоытудың нәтижесі бірнеше рет өседі. Рефлексия- оқушыны үнемі оның нақты тәсілдерін білуге, жүйелілікке, оларды қорытындылауға, қате амал мен тәсілдерден бас тартуға, яғни тұлға болып қалыптасуына әкеледі. Жұмыс барысында «бәсеңдеу» кезеңінде рефлексия пайда болды да, оқушы жұмыс процесінде өз қателігін көріп, оны түзеуге мүмкіндік алады.

    Осындай шағын топтармен жұмыс істеу үшін мұғалім өз білімін жетілдіріп, оқушы белсенділігін арттыру мақсатында қызықты сұрақтар да қоя біліп, оған өзі әрқашан дайын болуы керек.

 

    Оқушыларды бағалау мәселесі:

    Бұл әдістер оқытудың белсенді түрі оқушылардың жаңа білімдерді меңгеруі ғана емес, сонымен бірге жоғары нәтижеге қол жеткізуіне болатындығына мүмкіндік туғызады. Топтарда зерттеу жүргізіп, әдебиеттерді өз бетімен оқуға үйренеді, талғап-талдап, түсіндіре алады, жоғары дәрежеде қарым-қатынас қалыптасып, өз ойын дәлелдеуге дағдыланады.

    Өткізілген сабақ түрлеріне қарай оқушылардың еңбектерін бағалау тәсілдерін әртүрлі зерттеу әдістерімен алуға болады. Сол тәсілдің бірі төмендегідей:

    1. Дербестілік

    2. Орындаушылық  

    3. Шыдамдылық

    4. Шығармашылық

    5. Адалдық

    6. Жауапкершілік

    7. Ынталылық

    8. Бейімділік

    9. Ұйымдастырушылық

    10. Талаптылық

    11. Бастамашылық

    12. Еңбекқорлық

    13. Шапшаңдық

    14. Тәртіптілік

    15. Ұқыптылық

Қорытындысы бойынша төмендегідей топтарға бөлінеді.

    І.Шығармашылыққа бейім – 1; 4; 11

    ІІ.Орындаушылық қасиеті басым – 2; 5; 7; 10; 12; 14; 18;

    ІІІ.Ұйымдастырушылық қасиеті басым – 3; 6; 8; 9; 13;

    Анықталған қасиеттер бойынша; дербестік, шығармашылыққа бейім, еңбекке бастамасы болса, ондай оқушының қасиеті жоғары деңгейде екенін білуге болады.

    Жаңа білім беруде В.Ф.Шаталов «Баршаны да, әркімді де оқыта білейін» тақырыбындағы әдістемесін басшылыққа аламын.

    1-кезең. Сабақ өтуге алынған параграфты жан-жақты, әрі бейнелі түрде эмоционалдық тұрғыда түсіндіру.

    2-кезең. Тірек плокаттар бойынша оқу материалын қысқаша түсіндіру, логикалық байланысты анықтау.

    3-кезең. Тірек сигналдарын оқып үйрену, әр оқушыға үлестіріп беру.

    4-кезең. Үй жағдайында оқулықпен және тірек сигналдары парағымен жұмыс істеу.

    5-кезең. Келесі тірек сигналдарын жазбаша көрсету.

    6-кезең. Тірек сигналдары бойынша жауап беру.

    7-кезең. Бүгін өтілген материалдарды үнемі қайталау және тереңдете оқыту.

    Теориялық мәселелерді терең түсіну өз күшін істе байқап көруге ынтасын аттырады, қоғамға деген көз қарасы, еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі арта түседі, сөйтіп шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренеді.

    Осындай үздіксіз еңбек нәтижесі жеке тұлғаны қалыптастыруға көмегін тигізеді.

    Сонымен қатар, оқушының білімін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың беретін жетістіктері мол. Сондай өткізілген мектеп ішілік ғылыми жоба байқауы, конференциялары – «Өмірге келдің, өз құқыңды біл», «Ата заңым асыл қазынам».

    Конференция өткізбестен бұрын дайындық жұмысы жүргізіледі. Атап айтқанда заң қызметкерлерімен, «Азамат арманы», «Менің болашақтағы орным» атты кездесулер өткізуге болады. «Денсаулық салауатты өмір кепілі» атты кездесу, «Жол тәртібін жадыңда сақта», «Қазақстан ұланы – біз, Киелі жыр- әніміз» атты тәрбие сағаттары да оқушыларға құнды, тәрбиелік мәні зор сабақтар болады.

    Осындай көрсеткіштерге жеткен оқушы кез келген уақытта өз бетімен шығармашылықпен айналысып, әртүрлі жарыстарға қатысып өз пікірін ұсына алады.

    Қазіргі кезге лайық өткізіліп жүрген жарыстар.

Пікір – сайыс: негізгі ерекшелігі екі қарсылас жақты бір – бірімен белгілі бір ережеге, тәртіпке сәйкес айтыстыру.

 

Пікір сайыстың негізгі қағидалары:

    Өз көзқарасын талқылау және қорғау барысында қарсыластарының жеке бастарына қатысты мәселелерді қозғауға тиым салынады.

    Пікі – сайыс достық ізгілік пиғылда өткізілуі тиіс.

    Ойыншылардың сөзі мен қимыл қозғалысы қарсыластарына деген құрметінің бірден бір көрінісі болып табылады.

    Пікір-сайыс бәсекелестерге дайындық барысында жиналатын дәлелдер мен басқа да ақпараттарға қатысты шыншыл да абай болуы тиіс.

    Бәсеке барысында ойыншылар бір-бірін мұқият тыңдап, бір-бірінің сөздерін бұрмаламауы керек. Ойлау қабілеттерін дамыту үшін «Мимен шабуыл» әдісін қолдану тиімді.

 

Мимен шабуыл:  

    Мимен шабуылдау дегеніміз – шешім табу жолы қатысушылардың өз ойларын еркін білдіру арқылы жүзеге асырылатын ұжымдық талдаудың тиімді әдісі.

    Мимен шабуылдау ережелері:

- ұсынылға идеялар бағаланбайды және сыналмайды.

- жұмыс сапаға емес санға бағытталады, идея неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы.

- кез келген идеяны мүмкіндігінше кеңейтуге, дамытуға тырысу керек.

- шектен шыққан ақылсыз идеялар да мақұлданады.

- негізгі сөздерді немесе сөз тіркестерін қысқартып болсада барлық идеялардың жазылуы.

- шабуылдың уақыты белгіленіп өзгеріссіз қалады.

 

Мақсаты: Мимен шабуылдау тұйыққа тірелген жағдайда да шешім табуға, мәселені көруді кеңейтуге қатып қалған ойлау жүйесін өзгертуге мүмкіндік береді. Ол топты (сынып) топтастырып, қарапайым, тиімді тәсіл екенін білдіреді, қабілеттерін қалыптастыруға бағыттайды.

 

Қолдану тәсілі:

    Мимен шабуылдауға қатысушыларға шешілуі тиісті белгілі бір мәселе ұсынылады, оларды игеру үшін кез келген, тіпті ақылға сыймайтын ұсыныс айту сұралады.

Нәтиже:

Ой-пікірлерін ашық айтады.

Өз идеясын ұсына алады.

Өз сөз тіркестерін, қысқартып, тұжырымдап айтуға үйренеді.

Уақытпен жұмыс істеу бейімделеді.

 

Қорытынды: ХХI ғасыр жас ұрпақтың жан-жақты, терең білімді, саяси экономикалық сауатты, яғни ителлектуалды деңгеиі жоғары болуын талап етеді. Ол үшін Т.Мәжкеевтің «Стратегиялық жоспарлау» атты әдістемесін басшылыққа алу керек.

    Стратегиялық жоспарлаудың міндеті: бастапқы жайды ескеру, түпкі нәтижеге жету. Негізгі бөлімдерінің екінші міндетінде «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыруды басшылыққа алған. Олай болса «Білім» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы мемлекетінің жалпыға білім беру стандарты да күшіне енеді. Мысалы: Дарынды балаларға арналған мектепті дамыту мен мемлекеттік қолдау көрсету жайында Қазақстан Республикасы Президенті нұсқауын (№256, 24-наурыз, 1998 жыл) қолдау және талантты жастарды тәрбиелеп, жетілдіру негізіндеКҒА-сы мен «Дарын» орталығының бөлімшесі институт басында ашылып, үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді. Демек дарындылық пен таланттылық қасиеттерді дамытуға мемлекет тарапынан зор көңіл бөлінуде.

    Жеке адамды қалыптастыру мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жетілдіру, мектепте оқытудың жаңа технологиясын енгізу, тұлғаның дамуына жеке жағдай жасау, тек білімін арттырып қана қоймай, танымдық қасиеттерін істеген еңбегінің нәтижесін көріп, саралайды.

    Мемлекет басшысының: «Болашаққа біздің қадам енді басталды. Оның қандай болуы сіз бен бізге байланысты», - деген сөзін есте сақтай отырып, оны жүзеге асыруға біз міндеттіміз дегім келеді.

                                      

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст