"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Чаглинка станциясының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа станции Чаглинка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

моя родина Казахстан

18.11.2019

Мақсаты:

1. Қазақстан республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.

2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу

3.Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық  тәрбие беру.

Сабақтың түрі: сайыс

Көрнекілігі: сурет

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім:

     Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар!  Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар.

Отан , туған жер, атамекен, елім, ауылым  деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу — әрбір ұрпақтың азаматтық бұрышы.

Қатысушы: 7-8-9 «А» сынып оқушылары.

Топтың аттары: «Яссы», «Испиджаб»

Команданы таныстыра кетсек: комадир таныстырады

«Ал  іске сәт» дей отырып ойынымызды бастайық.

  1 тур «Қанат қақты»

Команда капитандар сайысы  Яссы командасы 1мин 10 сұраққа жауап береді. 1 ұпай

1. «Тарихтың атасы » кім?   (Геродот)

2. Шоқан Уәлиханов неше жасында орысша оқуға барған?  (12 жас)

3. «Жеті жарғы» қай хан тұсында жасалды?  (Тәуке хан)

4. «Археология» сөзі қай тілден шыққан?   (Грек)

5. Әлемде алғаш рет карта қайда жасалған?   (Қытайда)

6. Төл тенгеміз қашан айналымға енді? (1993 ж. 15 қараша)

7. Еліміздің тәуелсіздік алған күн (1991 ж. 16 желтоқсан)

8. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (1992 ж. маусым)

9. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Егеменді) 

10. Қазақ халқының ұлттық мәдиниетінің белгісі. (Ою – өрнек)

Испиджаб командасының басшысы.

1. Конституция бойынша, халық атына билік жүргізу құқығы кімдерге берілген.

(Президент Парламент)

2. 1 жылда неше күн бар? (365 күн)
3. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? (9)

4. Н. Ә. Назарбаевтың туған жылы?  1940ж 6 шілде

5. Қазақстан Республикасының астанасы Астана өз атауын қашан өзгертті Астана деп? 1998ж

6. Геродот сақтарды қалай атаған? (Скифтер)

7. Сақ тайпасының стилі ?   (Аң стилі)

8. «Алтын киімді адамның» мүрдесін қай археолог тапқан?  (К. Ақышев)

9. Ежелгі түріктердің тайпасы?  (Теле)

10.  Түрік қағанатын астанасы?  (Суяб)

  1-ші турдың    Ұпай санын белгілеу 

Келесі турымыз Самғау деп аталады. Көп ұпай жинаған команда  бастайды.

Әр командаға  1 сұрақ  беріледі. Жауап таңдауға  1минут,  жауапты таба алмаған жағдайда қосымша көмек беріледі, жауап берілмеген жағдайда  қарсы топ жауап береді. 5 ұпай

Яссы командасына

1)Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы автономиялық қазақ үкіметінің басшысы  Айқап, Қазақ, Қазақстан газеттеріне мақалалар жазып тұрған тарихи тұлғаны атаңыз.(қосымша көмек) 1864 жылдары Тобылда және Омбыда  түрлі қызметтер атқарған. 1897-1903ж .Дала генерал –губернаторлығында қызмет атқарып, Самарада  банк директоры болған.

(Ә.Бөкейханов)

Испиджаб командасы

Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. Шығыс Түркістанды Орта Азияны зерттеген ойшыл, қаламгер ғалым. 1853ж оқуды бітіріп, офицерлік  атағын алып, Батыс Сібір генерал губернаторы Төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарды. 1856ж Ыстықкөлдің  топографиялық суретін түсірген.

тарихи тұлға кім?

Қосымша көмек: Ол 1858-59ж Қашқарияға барып, әлемге аты әйгілі елдің тарихын ашады.

(Шоқан Уалиханов)

3 тур «Полиглот»  Жетпей тұрған сөзді дұрыс тауып, мақалды толықтырып, сөздің орыс, ағылшын тіліндеріндегі баламасын айту. Дұрыс жауап берген әр сөзге 10 ұпайдан беріледі.

Яссы командасына

1. Аға әдепті болса, іні әдепті,

    Апа әдепті болса, ... әдепті .  (сіңлі,           

2.  Жаңбыр жаумаса жер жетім,

     Ұқпаса айтқан ...  жетім.   (сөз, слова,

3. Жақсының ... өлмейді.  (аты, имя,

4.  Денсаулық – зор ...  .  (байлық, богатство

5.  Екі жаман ...  болмас.  (Дос, друзья

Испиджаб командасы

1. .....   етпеген ішіп – жемейді. ( Еңбек, труд

2. .....   – білімде. (Күш, сила

3.  Ат барда есекке жол болсын,

  ....   барда есепке жол болсын. (Дос, друг

4. ....   еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді. (Таяқ, палка

5. Жылы – жылы сөйлесең,

  .....    да інінен шығады. (Жылан, змея

ІV тур «Сөз құрау.» 
«Қазақстан» сөзінің әріптерін қолдану арқылы бірнеше сөз жазу. (Әр сөз 10 ұпай) 
Қаз, қазақ, тас, ана, наз, қас, қат, қан, ақ, сақ, саз, тақ, қант, ант. 

Оқушылар жазу кезінде, әдеби монтаж. 
1. Қазақстан туған жерім – киелі. 
Қасиеттіңді қастерлеп басымды да иемін. 
Табиғатым тұнып тұрған қазына, 
Соның бәрін аялаймын, сүйемін. 
 

2. Ата – бабам жанын қиып қорғаған, 
Тәңірі қолдап, бақ – береке орнаған. 
Қазақстан – азат елсін сен бүгін, 
Ақ тілегін болашаққа арнаған. 
 

3. Қазақстан – көк байрақты нұр едің., 
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім. 
Өзің менің қуанышым, бақытым, 
Өзің менің мақтанышым тірегім. 
 

4. Менің оның қасиетті тілін сүйем, 
Мен оның құдіретті үнін сүйем. 
Отан, Отан бәрінен биік екен, 
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

V тур «Математикалық ойын»

Есептер шығарып , шыққан жауаптың болған оқиғасын жаз. 10 ұпай

Яссы командасына

1. (1000 : 2) + (525*2)+441= 1991

2. (250:2)+ (130*3)+27 = 542

3.(330*5)+ (400:2)+143=1993

4. (400*2)+ (100:2)+(450*2)+86=(1000:2)+(450+360)+528=1836-1838

Испиджаб командасына

1. (1000+200)+(250*4)-183=2017

2. (300*3)+(500+395)+200=1995

3. (400:2)+50+(250*3)-448=(300*5):2-147=552-603

4. (1500:3)+(700*3)-608=1992

 

 Қорытынды. 

 

 

 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст