"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Чаглинка станциясының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа станции Чаглинка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарттар асыл қазынам

02.02.2018

Қарттарым – асыл қазынам

Қариялар –

халқымыздың өткені мен бүгінін жалғастырушы, тұнып жатқан тарихымыз. «Қарты бар

елдің – қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Қай кезде болмасын қарияларға

ерекше құрмет көрсетілген. Ұрпаққа тәрбие беруде олардың көрген-түйгені мен

ақыл-кеңесі тіпті де ерекше.

Қой үстіне

бозторғай жұмыртқалаған бейбіт өміріміз – ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты

әжелеріміздің біз үшін қиған жастық шағы, ерен-ерлік күштері.

Елдің, ауылдың

бірлігін сақтауда, шаңырақты шайқалтпай, жастарға ақыл-кеңес беруде, немерелерді

тәрбиелеуде ата-әженің үлесі шексіз. Қариясы бар үйдің балалары өзгелерден

тәрбиесімен ерекшеленіп тұрады: олардың сөздері де, өздері де салмақты.

Инабаттылығы, имандылығы, әдептілігі бірден көзге түседі.

Халықаралық

қарттар күніне арналған айлық аясында дәстүр бойынша сөзі мен ісі берекелі,

ақылы теңіз қарияларды құттықтау мақсатында ұйымдастырылған «Қарттарым –асыл

қазынам» атты мерекелік кеш Чаглинка негізгі мектебінде жоғарғы деңгейде болып

өтті.

Кешті ашу

құрметі Зеренді ауданы білім беру қызметкерлері аудандық кәсіподақ комитетінің

төрайымы Дүйсембекова  Ботагөз

Байназарқызы мен Чаглинка негізгі мектебінің директоры Аукарова Бакытжан

Серікбайқызына беріліп, аулымыздың бір топ ардақты азаматтарын: Нефтебаза

елді-мекенінің алғашқы директоры  Жижимов

В.Н., «Құрметті  мұғалім» атағының

иесі   Закирова Л.М., мектебіміздің  демеушілері ауылымыздың имамы, қадірменді

ақсақалы Тулепбергенов Қойбақ ата және спорт құрал-жабдықтарымен қамтамасыз

еткен Бекбаева Үміт арнайы «Мадақтамамен» марапаттады.

Зал іші ауыл

қарттарының фотоларынан жасалған коллажбен безендіріліп, интерактивті тақтадан  олардың жастық шағын еске түсіретін слайдтар

жүргізілді. Мектебіміздің музыка жетекшісі Рахимжанов Медет Хайратұлы әннен

шашу шашты. Мектеп жанындағы шағын орталықтың бүлдіршіндері мен 3 «А» сынып жетекшісі

Кажикенова Кымбат Агзамовнаның қыздары «Кукла барби» биін, 3 «Б» сынып жетекшісі

Тюлюбаева Айман Туяковнаның оқушылары  «Вальсті»

сыйға тартты. 7 «А» сынып оқушылары Карина Назерке мен Жакенова Аружанның

орындауындағы шалқыған күй, Сулейменова Мадина Сейлбековнаның  жетекшілігіндегі 5 «А» сынып қыздары Жүнісбек

Дана, Кенжитай Томирис, Жұманғали Әминаның мың бұралған биі, Мамбетова Марал

Кудайбергеновна, Тоғаева Мира Казбековна, Салихова Жұмагүл Кульбаевна, Самойленко

Наталья Николаевна, Акишева Гүлшат Каирбаевнаның  орындауындағы «Черный кот» әні, Ахметова

Қарлығаш Серікбайқызының  домбырамен

сүйемелденген «Қарттарға арнауы»  көрермендердің көңілінен шықты. Мектептің

ата-аналар комитетінің төрайымы Қайыржанова Жаннаның жеке әні, «Әжелер

ансамблі», 6-8 «Б» сынып оқушылары көрінісіне көпшілік риза болды. Кеш соңы

мектептің ұстаздар ұжымының күшімен ұйымдастырылған  мерекелік дастарқанға  ұласты.

Алексеевка

селолық округінің әкімі Алхатов Қайрат Жансерікұлына осы кешті ұйымдастыруға ат

салысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ахметова Қарлығаш

Серікбайқызы

Чаглинка негізгі мектебі

Просмотров: 410

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст