"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Чаглинка станциясының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа станции Чаглинка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарттар күні

16.05.2017

«Аялайық қарттарды»

 Қарттар

– біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы,

келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазақстанның өсіп-

өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы

ардақты да аяулы қарттарымыз.

   Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету адамшылықтың ең жоғарғы

 қасиеттерінің бірі болып саналады. Қай халықта болмасын түпкі

тамырында  үлкенді сыйлап, құрмет көрсету ерекше орын алады. Қарттар

мерекесіне орай Чаглинка негізгі мектебінде  18  қазан күні «Аялайық қарттарды» атты шара атап

өтілді. Өткен

шараның тәрбиелік мәні зор. Бұл мектебімізде ұйымдастырылған шараның отбасы

ынтымағын нығайтуға, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты бекемдеуге, баланы

үлкенге құрмет көрсете білуге тәрбиелейді.

Аталған мереке оқушылардың күшімен

ұйымдастырылған концерттік бағдарлама түрінде өтті.   Ауыл қарттары қонаққа шақырылды. Жалпы

саны  отыздан  аса қарт адамдар

жиналып,   бірі-бірімен қуана көрісіп, бір жасап қалды. Өлең сөз оқылып,  ән

шырқалып, билер биленді, түрлі тәрбиелік мәні бар қойылымдар қойылды. Асыл  қонақтарға сый –сыйяпат көрсетілді. Мерекелік

кездесуде қарттар  өткен күндердің сазды

әндерін еске алып, қосыла бірге  ән шырқады. Шәмшінің «Арыс жағасында» әнімен

басталып, «Катюша» тағы да басқа орыс, қазақ тілінде танымал  әндер

орындалды.  Оқу орнымыздың асханасында «Қарттар күніне» арналған

мерекелік   дастархан  жайылды.

  Адамның

көңілінен  нәзік ешнәрсе жоқ қой. Бір ауыз жылы сөз, жылы ілтипат қарт адамдарға

қаншалықты шексіз қуаныш әкелетінін әркімде жақсы түсінеді. Мерекенің соңында

қарттар  осы тамаша кешті ұйымдастырушы

мектеп әкімшілігі мен  ұжымына,

оқушыларға шексіз алғыстарын білдірдірді! 

 М.Мақатаев жырлағандай «келместің

кемесіне мініп» мәңгілік өмірге аттанбай тұрып, қарттарымызды барында бағалай

білейік!

Просмотров: 194

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст