"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Чаглинка станциясының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа станции Чаглинка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарих мәңгілік дастанымыз

16.05.2017

Зеренді

ауданы

Чаглинка негізгі мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

 «Тарих - мәңгілік дастанымыз»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:  Жылқыбай Г.К

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу

жылы

Тарих - мәңгілік дастанымыз (сахналық көрініс) 

(Музыка ойналып тұрады)

1 - жүргізуші: 

1. Тәуелсіздік текке бізге келмеген 

Талай бабам қанын төгіп терлеген, 

Сонда - дағы қасиетті қазағым, 

Төл байрағын дұшпанына бермеген 

Бабалардың ғасыр бойы арманы, 

Өткені мен келешегін жалғады 

Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың 

Егемендік, Тәуелсіздік алғалы 

           2 - жүргізуші: 

Иә, құрметті оқушылар 

«Бостандық?»- деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама

батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезетте емес талай

ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше балалар тарих

беттеріне зер салайық. 

1227 жылдан бастап Монғол - татар шапқыншылығы болып Шыңғысханның жорығы

қазақтың қазақ болу процесінің 150 - 200 жылға кешеуілдетті. Осы шабуылда «Отырар Опаты» болды. 

Бірінші

көрініс: «Отырар Опаты»

( «Саржайлау» 

күйі)

 -Ассалаумағалейкум, ағалар.

-Уағалейкумсалам,

төрлетіңіздер.

(Ақсүйектер басшысы)-Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей-берекетсіздік

басып алды. Хан-екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз,

батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін

кез келмеді ме екен?

         (Керей): О, халайық, халқымыздың басына қиын –

қыстау кезеңдер келді. Әбілқайыр хандығы құлдырау үстінде. Шығыстан төнген

жауға әйел, бала – шағамызды құлдыққа бермейміз. Осы мәселені бірлесіп шешкен

жөн.

-

Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп

сенемін.

         (Жәнібек): Ел болып, өз жерімізге басқару

жүргізетін кез келді. Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең. Осы кезді

пайдалана алмасақ, енді басымыз бірікпеуі мүмкін. Оның үстіне жат елдердің

хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр. Олардың қолына түсіп,

талан - тараж болып кетуіміз де мүмкін.

«Қазақ» деген атпен жеке дара мемлекет құрайық.

(Сұлтандар) -Ия, сөздеріңіз рас, ханның

қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға

ел болатын күн келді.

 (Халық дүбірлесіп, талқылауда) «Сұлтандардың

айтқаны жөн. Иә, жеке мемлкет құрайық, мемлекет қазығын қағатын кезең — осы».

 

Просмотров: 362

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст